{metadescription}
Алматыда құтқарушылар студенттерге зілзаладан аман қалудың амал-тәсілін үйретті
Алматыда құтқарушылар студенттерге зілзаладан аман қалудың амал-тәсілін үйретті

Алматыда құтқарушылар студенттерге зілзаладан аман қалудың амал-тәсілін үйретті

Алматыда кезекті сейсможаттығу өтті. Құтқарушылар студенттерге зілзаладан аман қалудың амал-тәсілдерін үйретіп, апат салдарын жою шараларын пысықтады.

Азаматтық авиация академиясында алдымен дабыл қағылды. Жатақханада жайбарақат жатқан студенттер тайлы-тұяғы қалмай сыртқа жүгіріп шықты. Қайда қашарын білмей абдырап қалған ұл-қыздарды құтқарушылар қауіпсіз жерге жинады. Сценарий бойынша ғимарт ішінде бірнеше адам қалып қойған. Оған қоса зілзала кесірінен нысанда от тұтанды. Өрт сөндірушілер іштегі студенттерді арнайы баспалдақпен терезеден шығаруға мәжбүр болды. Жер сілкінгенде әр секунд маңызды. Сондықтан қаладағы оқу орындарының әкімшілігі табиғи апат кезінде не істеу керектігін алдын ала білу керек дейді құтқарушылар. Себебі Алматы сейсмикасы қауіпті аймақта орналасқан.

Әнуар Қалимолданов, Түрксіб ауданы ТЖБ бас маманы:

Әр студент төтенше жағдайда іс-әрекетін нақты білу керек. Эвакуациялық есіктер қай жерде орналасқанын да ұмытпау қажет. Себебі апат кезінде адамдар тек сол есіктен шығуға тиіс. Дер кезінде қауіпсіз жерге жиналу да аса маңызды. Өйткені зілзалада уақыт өте тығыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде