БАҚ өкілдері Amanat-тың сайлауалды штабының жұмысымен танысты
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Amanat партиясының республикалық сайлауалды штабының жұмысымен танысты. Мұнда үгіт және талдау орталығы, медиа штаб, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар және жастар алаңы орналасқан.
Автор: Әзиза Төленби
22.02.2023
Жергілікті мамандар депутаттыққа үміткерлермен кездесіп, үгіт-насихат жүргізудің заман талабына сай тәсілдерін үйретеді. Сондай-ақ кандидаттарға сайлауға қатысты заңнаманың маңызды тұстарын түсіндіреді. Open space форматында ұйымдастырылған штаб тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Бұл орталықтың ел бойынша 229 аудан өкілдігі ашылған.
Елнұр Бейсенбаев, Amanat партиясының атқарушы хатшысы:
- Штабтың негізгі мақсаты – жұмыстың тоқтамауына оның дұрыс жұмыс істеуін қамту. Штабтың жақсы бір жаңалығы, күнделікті төртбес жаңа форматта кездесу, оқыту, сабақ ұйымдастырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!