«Ауыл» партиясының өкілдері Өскеменде болды
«Ауыл» партиясының сапары шырайлы шығыста жалғасты. Шалғайдағылардың күйін күйттеп жүрген партия өкілдері Өскеменде болды
Автор: Елдос Есенбол
22.02.2023
Алдымен «Ауыл» партиясының өкілдері Солнечный ауылындағы көрмеге қатысты. Шара шаруалардың заманауи жетістіктерін көрсетуге әрі қолдауға арналған. Онда іскер ғалымдар мен жаңашыл жастар қатысты. Ал Өскемен қаласында «Ауыл» кандидаттары күнбағас майын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.
Азамат Мадияров, май зауытының бас инженері:
- "Ауыл" партиясының өкілдері келіп, алда болатын сайлау жайындағы бағдарламасын таныстырды. Қажетті жауаптарды алдық. Жалпы сайлау деген менің ойымша, келешекте қандай бағытта біздің мемлекетіміз баратын жолды анықтайды. Кандидаттарымыз сайлаудан өткеннен кейін берген уәделерін орындаса, халық риза болса деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!