{metadescription}
Қонаев тұрғындары Respublica өкілдерін жылы қарсы алды
Қонаев тұрғындары Respublica өкілдерін жылы қарсы алды

Қонаев тұрғындары Respublica өкілдерін жылы қарсы алды

Respublica партиясының өкілдері жаңа атауға ие болып, жаңа тынысы ашылған Қонаев қаласына табан тіреді. Партияластар қала халқымен кездесіп, саяси науқанның маңызы мен міндетін, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Қала тұрғындары партия өкілдерін жылы қарсы алды.

Жақтастар шаһар орталығындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне гүл қойды. Бұдан соң жастар партия өкілдерін кітапханалардың бірінде қарсы алды. Онда партия жетекшілері белсенді жастармен диалог алаңын құрып, тәжірибилерімен бөлісті. Ал сапардың соңы жергілікті өнер адамдарымен болған кездесумен аяқталды.

Руслан Берденов, Respublica партиясының тең төрағасы:

- Үгіт-насихат науқаны жақсы жүріп жатыр. Осы жылы көріп жатырмыз, жеті партия құрылды. Өзекті мәселе көп. Бүгін Қонаев қаласындамыз. Осы жастардың, белсенділердің, халықтың көптеген проблемасын тыңдап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.