{metadescription}
Атырау облысындағы «Байтақ» өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті
Атырау облысындағы «Байтақ» өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті

Атырау облысындағы «Байтақ» өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабтары үгіт-насихатын белсенді жүргізіп жатыр. Бүгін партияның Атырау облысындағы өкілдері өз кеңсесінде қалдық жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Аймақтағы өткір мәселелерді көтеріп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық та жылдан-жылға қайталанып келеді. Осы мәселелерді басты назарда ұстаймыз дейді партия өкілдері.

Амандық Байқұтов, "Байтақ" партиясы Атырау облысы штабының үйлестірушісі:

- Кездесуде партиямыздың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар ұжым тарапынан өзін мазалаған сұрақтар қойлып, жауап берілді. Жалпы кездесу екі тарапқа да пайдалы өтті деп есептейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.