ЖСДП: Көкшетауда азаматтар ойын ашық айтты
Азаматтар ойын ашық айтты. Көкшетаулық тұрғындармен жүздескен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның депутаттыққа кандидаттары осылай деді.
Автор: Елдос Есенбол
22.02.2023
Саяси ұйымның үгіт-насихат сапары Көкшеде жүріп жатыр. Жалпыұлттық социал-демократтар партиясының өкілдерімен арнайы кездесуге келген қала тұрғындары түйткілді мәселелерді тізбектеп берді. Жиынға әртүрлі топ өкілдері қатысқан. Арасында қарапайым зейнеткер де, ауылшаруашылық, өндіріс саласының еңбеккерлері де бар.
Ілияс Жанғали, ЖСДП мүшесі:
- Әлеуметтік, тұрмыстық бағдарда сұрақтар қойылды. Медицина, әлеумет саласындағы ең өзекті мәселе болды. Сол мәселелер бойынша бүгінгі жиында өте ауқымды, жоғары деңгейде іс-шара өткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!