{metadescription}
Түркістан облысында есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы сотталды
Түркістан облысында есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы сотталды

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы сотталды

Түркістан облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы сотталды. 31 келі героинді Ресейге жеткізбекші болған шетелдік енді 15 жыл түрмеде отырады.

Ірі көлемдегі есірткі былтыр Жібек жолы шекара бекетінде тәркіленген. Тәжікстаннан келе жатқан көлікті тексергенде шекарашылардың иті есірткінің иісін сезген. Күдікті 31 келіден астам героинді көлігінің жанармай багіне жасырыпты. Бүлініп қалмас үшін 63 дана ораманы полиэтилен пакетпен мұқият ораған. Бұл соңғы 20 жылда тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі. Сондықтан прокурор күдіктіге 18 жыл жаза сұраған. Алайда судья 27 жастағы Тәжікстан азаматын 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде