Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шабуыл жасады
Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шаубыл жасалды. Қаскөйлер тонауға оқталғанымен, ақшаны алып кете алмады. Өйткені куәгерлер араша түскен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.02.2023
Шағын несие беру мекемесінің қызметкері жұмысынан шығып сауда нысанына кірген. Сол сәтте оған белгісіз берулер тап береді. Күдіктілер оны темірмен төпелеп, қолындағы ақша толы сөмкесіне жармасқан. Алайда қаражатын алып кете алмады. Өйткені жанжалды көрген куәгерлер жәбірленушіге араша түскен. Күдіктілер сол кезде сытылып үлгергенімен, алысқа ұзай қоймады. Тәртіп сақшылары 30 және 22 жастағы Тараз бен Алматы тұрғынын қамауға алды. Ал сөмкеде қанша ақша болғаны сол күйі айтылмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!