{metadescription}
Петропавлда табиғаттың тосын мінезіне оқушылар қуанып жатыр
Петропавлда табиғаттың тосын мінезіне оқушылар қуанып жатыр

Петропавлда табиғаттың тосын мінезіне оқушылар қуанып жатыр

Ақпанда әдетте сақылдаған сары аяз бен ақтүтек боран соғып тұратын солтүстік өңірде күн күрт жылынды. Тіпті Петропавлда түнімен жаңбыр жауған. Соның салдарынан көшелер көкмұзға айналды. Қоғамдық көліктер жолға шыға алмай, оқушылары қашықтан оқуға жіберілді.

Тайып құлап мертіккендер де күрт көбейген. Дәрігерлер мұз ерігенше көшеге шықпауға кеңес беріп жатыр.

Петропавл көшелерінде жүру қиындаған. Құлап, сүрініп аялдамаға әрең жеткендер қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. Өйткені автобустар бағыттарына кеш шыққан. Осы жағдайды оңтайлы пайдаланған такси жүргізушілері бағаны шарықтатып жіберген. 600-700 теңге болған такси қызметі бірден 4 мың теңгеге дейін жетті. Тұрғындар дәл осындай сәтте пайда тауып қалғысы келгендерге ашынып отыр.

Шенеуніктер ауа райының күрт құбылуына дайын болдық дейді. Тіпті арнайы техника таң ата жұмысына кірісті деп отыр. Көшелерге мұзды ерітіп жіберетін қоспа шашылған. Біра оны жаңбыр шайып кетіпті.

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Бүгін түнде жауын болды.Ол таңғы 5-ке қарай аяқталды. Осы уақытта бірден арнайы техника жұмысқа шықты. Дәл қазір 50-ден аса техника жұмыс істеп жатыр.Көшелер мен тротуарларға құм, тұз қоспасы, ал аялдама маңына мұз ерітетін экореагент себіліп жатыр.

Бүгінгі  көктайғақта  сүрініп құлап қол-аяғын жарақаттағандар көп. Ауруханаға сүйегі сынған, сіңірі созылған науқастар бірінен соң бірі жеткізіліп жатыр. Кейбіріне тіпті ота жасауға тура келген.

Екатерина Белоусова, көпбейінді жедел медицианалық жәрдем ауруханасының баспасөз хатшысы:

Жағдай қиын.Кеше кешкісін 32 адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Аяққолы, саусағы, кеуде сүйектері  зақымданған. Тұрғындарға әзірге далаға шықпауға кеңес береміз. Қазір екі адамға ота жасалады. Кезекті көрдіңіздер ғой. Дәрігерлер қарап үлгермей жатыр.

Табиғаттың тосын мінезіне шын қуанған мектеп оқушылары ғана. Олар тегіс қашықтан оқуға жіберілді.Синоптиктердің айтуынша, ауа райы алдағы күндері де құбылмалы болады. Түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауып, секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде