{metadescription}
Алматының құтқару қызметі сейсмика қауіпсіздігін күшейтуге кірісті
Алматының құтқару қызметі сейсмика қауіпсіздігін күшейтуге кірісті

Алматының құтқару қызметі сейсмика қауіпсіздігін күшейтуге кірісті

Алматының құтқару қызметі қазірден-ақ сейсмика қауіпсіздігі шараларын күшейтті. Төтеншеліктер жойқын жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсетілетін орындарды атап, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Қалада зілзаладан зардап шеккендерді қабылдайтын 384 пункт құрылады.

Жоспар бойынша, апаттан баспанасы қирап далада қалған тұрғындар сол жерді уақытша паналайды. Мұндай пунктерге қаладағы колледж, мектеп пен балабақша ғимараты кіреді. Шаһардағы білім беру мекемелерінің дені сейсмоқауіпсіздік талабына сай салынған дейді төтеншеліктер. Білім ошағының ұстаздары алдымен зілзаладан кейін үйсіз қалған адамдардың аты-жөнін жазып тіркейді. Жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ас-су беріледі. Тұрғындар сабақ өтетін кабинеттерге уақытша орналастырылады. Сосын автобуспен қауіпсіз жерге көшіріледі. Егер аталмыш пунктер жер дүмпуіне шыдас бермей қирайтын болса, ашық алаңдарға арнайы палаткалар тігу жоспарда бар.  

Бекболат Бұғабаев, Алматы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

- 384 пункт бар. Оны «2 Гис» қосымшасында көруге болады, яғни жазсаңыз шығады. Локация арқылы жол сызып береді және ол ақпарат ТЖД сайтында, әкімшіліктер сайтында бар. Аталмыш пункт әкімшісі директор болып есептеледі. Соған зардап шеккен адамдарды, егер  қалада қалдыру жоқ болса, палаткалары бар лагерь ашық алаңда, жазық жерде құрылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде