{metadescription}
Ақтөбе облысында бораннан көлік апаты көбейіп, қатынас қиындады
Ақтөбе облысында бораннан көлік апаты көбейіп, қатынас қиындады

Ақтөбе облысында бораннан көлік апаты көбейіп, қатынас қиындады

Ақтөбе облысында ақтүтек боранның кесірінен көлік апаты көбейді. Ұйытқып соққан желден қарыс қадам көрінбейді. Сондықтан облыс орталығынан шығатын жолдар жабылып, қала іргесіндегі ауылдарға қатынау қиындады.

Ауа райының қолайсыздығынан Маржанбұлақ ауылының маңында 11 көлік бірінен соң бірі соқтығысқан. Жүргізушілер бораннан түк көрмей, алдында кетіп бара жатқан көлікті байқамапты. Бұл аймақта боранның басылмай жатқанына бір жұмаға жуықтады. Оның үстіне аяз күшейіп барады. Синоптиктер өңірде осындай ауа райы наурыздың ортасына дейін сақталады деп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметінің телефонына да маза жоқ. Өйткені жолдарды жапқалы діттеген жеріне жете алмай ауыл маңында аялдап қалғандар жаппай хабарласып жатыр.

Әнуар Махамбетов, Ақтөбе облысы ТЖД қызметкері: 

- Ауа райының нашарлауына байланысты, боран, көктайғақ, жол көрінісінің нашарлауынан барлық республикалық және облыстық жолдар жабылды. Қарабұтақ ауылында кемпинг алдында 500-ге жуық жүк автокөлігі, 70 жеңіл көлік және 5 жолаушылар Шымкент-Мәскеу бағытындағы жолаушылар автобусы кемпинг алдында тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде