Amanat штабы Қарағанды облысында экология ахуалын талқылады
Amanat партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысында жүр. Теміртауда олар экологтар мен кәсіпорын қызметкерлеріне өз тұғырнамасын таныстырып, өңірдің экология ахуалын талқылады.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.02.2023
Ерлан Қошанов, "Amanat" партиясының төрағасы:
- Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Теміртау тұрғындарына бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан біз осы өңірдегі алғашқы кездесуді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арнадық.
Костенко атындағы шахтада штаб мүшелері көмір өндірушілер мен металлургтердің басын қосты. Онда да еңбек жағдайы мен жұмыс берушінің жауапкершілігі және өндірістегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды. Науқан аясында партия өкілдері облыстағы қандастар, дәрігерлер, фермерлердің де базынасын тындап қайтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!