«Ауыл» партиясының өкілдері халық тілегін тыңдау үшін қоғамдық көлікке мінді
Қоғамдық көлікке отырып жолаушылармен тілдесті. Осылайша «Ауыл» партиясының өкілдері халықтың талап-тілегін автобус ішінде тыңдады.
Автор: Елдос Есенбол
23.02.2023
Ауылдықтардың үгіт-насихаты Абай облысында жалғасып жатыр. Облыс орталығы Семейде әлеуметтік маңызға ие 40 бағыт бар. Жалпы қалада үш автопарк жұмыс істейді. Партия өкілдері ондағы халықтың ортасына еніп, алдағы саяси науқан туралы жан-жақты ақпарат берді.
Асылан Ғазизов, Семей тұрғыны:
- Сайлау маған Қазақстан экономикасын дамыту және жастардың жарқын болашағы үшін маңызды. Ал енді бүгінде партия активистерімен сурет жапсырып, жолаушылармен сұхбаттасып, ашық әңгіме жүргізудеміз. Мұндай саяси науқандарды өткізбеуге тырысамын және өзім де дауыс беремін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!