Respublica партиясының өкілдері Тараз кәсіпкерлерімен кездесті
Respublica партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысымен Таразға табан тіреді. Жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.02.2023
Ауқымды саяси және экономикалық реформа туралы пікір алмасты. Өңірде жалпы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жағдайы өзекті мәселелер қатарында. Осылайша мыңнан астам тұрғынмен жүздескен штаб мүшелері түйткілді шешу жолдарын ортаға салды.
Олар электротехникалық жабдықтарды өндіретін компанияға бас сұқты. Жұмысшылармен тілдесіп, отандық өндіріс ошақтарының маңызы жайында әңгімелесті.
Қуаныш Шонбай, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Жамбыл облысында үлкен кездесу өткізіп жатырмыз. Күні бойы. Таңертеңнен бастап кәсіпкерлермен кездестік. Олармен Салық кодексі тақырыбын қозғадық. Одан кейін халықпен кездесіп отырмыз. Үлкен позициялық, философиялық концепция әңгімеден бастап, нақты бір тақырыпқа дейін әңгіме болып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!