{metadescription}
ЖСДП 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр
ЖСДП 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр

ЖСДП 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр

Бес жүзден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы осылайша үгіт-насихат науқанының көрігін қыздыруда.

Бүгін олар елордалықтармен тілдесті. Азаматтар көп шоғырланған аймақтарға үгіт парақшаларын таратты. Тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдады. Астаналықтарға алдағы сайлауда жеңіске жетсек, мынадай істер атқарамыз деп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Біздің үнімізді халыққа жеткізуге еріктілердің көмегі көп тиді дейді партия өкілдері.

Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:

- Үгіт-насихат материалдарын таратып жатырмыз. Бүкіл өңірлерге жеткізілді. Біздің материалдарымыз әр үйге кіреді деп сенімдіміз. Өйткені көмекке келген көп волонтер бар. Волонтерлер қазір әр үйге кіргізіп жатыр, әр дүкенге таратып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде