{metadescription}
Алматыда зілзала болса, 70 пайыз ғимарат қирауы мүмкін бе?
Алматыда зілзала болса, 70 пайыз ғимарат қирауы мүмкін бе?

Алматыда зілзала болса, 70 пайыз ғимарат қирауы мүмкін бе?

Алматыда жойқын зілзала болған жағдайда қаланың 70 пайызға жуығы қирауы мүмкін бе? Ғалымдардың құйқаны шымырлататын болжамы қаншалықты шын? Бұған бүгін төтенше жағдайлар вице-министрі жауап берді.

Оның айтуынша, қаладағы Түрксібтен өзге ауданның бәрі жер қыртысы өте қауіпті аймақта орналасқан. Және ондағы ғимараттардың 9 балл зілзалаға төтеп береріне кепіл жоқ.

Алматыда жоғары балл жер сілкінісі болған жағдайда қаланың 60-70 пайызы жер мен жексен болады деген болжамдар бұған дейін талай айтылған. Шаһардың сейсмоқаупі жоғары екенін төтенше жағдайлар министрлігі де жоққа шығармайды. Бірақ қазір кейбір ғалымдар айтып жүргендей, қаланың тең жартысы жоқ болады деген пайым шындыққа жанаспайды дейді министрдің орынбасары.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:

Жер сілкінісі бола қалса, қаланың 6070 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжау дерегі бойынша, 9 және одан да жоғары апат зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараты 30 пайызға дейін қирауы мүмкін. Осыдан-ақ қандай шығын келетінін есептеуге болады.

Алматы қаласы 27 қауіпті техногендік плитаның қосындысының үстінде тұр. Қарапайым тілмен, бұл негізінен қаланың таулы аудандары орналасқан аумақ. Өзгелеріне қарағанда барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы. Қалған Медеу, Бостандық аудандары мен басқалары да плиталардың қосындысында орналасқан. Тиісінше, дүмпулер осы аумақтарды қатты сезілуі мүмкін.  Алматыдан өзге тағы бірнеше сейсм қауіпті аймақтар бар.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:

- Алматы облысы, Түркістан облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы да кіреді. Әрқайсында сілкініс болса, ұйымдастыру ретінде жоспарлар бар. Екі жыл сайын біз арнайы оқужаттығу өткізіп тұрамыз. Биылға жоспарланып отыр Алматы қаласында қыркүйек айында осы дайындығымызды тексеру бойынша үлкен республикалық оқу-жаттығу өткіземіз. 

Ал жуырда ғана жойқын зілзала болған Түркияда қазір ғимараттарға келтірілген залалды анықтау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 1 млн 188 мыңға жуық ғимарат зерттеліпті. Оның ішінде 156 мың нысан қирап, құлаудың сәл-ақ алдында тұр екен. Осы жағдайдан кейін әлемде құрылыс атаулыдан жетекші орынды бермей келген түрік компанияларына күмәнмен қарайтындар көбейді. Бізде де ірі қалалардағы зәулім ғимараттардың басы-қасында түрік компаниялары жүретіні белгілі. Алайда Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екижи, зілзала болған аймақтардағы үй тұрғызғандар көлемі жағынан шағын және орта құрылыс компаниялары дейді. Олардың арасында шетелден тапсырыс алып жүрген алпауыттар жоқ.  

Уфук Екижи, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Түркияның мердігер компаниялары құрылыс саласында көшбасшы орынға ие. Шетелде ірі деген түркиялық компаниялар жұмыс істейді. Олар сол елдің тәртібі мен нормасына сай жұмыс істейді. Жергілікті органдар түрік компанияларының жұмысын тексереді. Сондықтан мердігер компаниялар сапасыз жұмыс істеп жатыр деп айтуға болмайды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Президент пен қала әкімі жер сілкінісінен шаһардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөйлесіп, мемлекет басшысы биылдан қалдырмай сейсмо-аудит жүргізуді шегелеп тапсырды. Оның қорытындысы бойынша да тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде