Теміртауды абаттандыруға бөлген қыруар қаржы жұрт ашуын тудырды
Мальдив емес, жылу керек. Теміртаулық тұрғындар шенеуніктердің қаланы абаттандыруға қыруар қаржы жұмсайтынына наразы. Металлургтер қаласында орталық көшелер мен қала әкімдігінің алдындағы гүлзарлар күрделі жөндеуден өткізілмек.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.02.2023
Ал жергілікті жағажайды тіпті Мальдив аралдарына ұқсату көзделіпті. Бірақ жоспардағы сәнді суреттер қала берсенділерінің ашуын туғызды. Олар биліктегілерге жұрттың қыс бойы пәтерлер, мектептер мен балабақшаларда бүрсеңдеп шыққаның тағы есіне салды.
Екатерина Цышетская, Теміртау тұрғыны:
- Бізге дәл қазір жағажай керек жоқ. Бізге қыста жылу керек. Металлургер көшесі жылына үш рет қазылады. Өйткені астындағы құбырлар жарылады. Соны біле тұра, оның үстін абаттандырып, балалар алаңын салмақшы. Алдымен астындағы құбырларды реттеп алсын. Жоспардағы түрлітүсті суреттерде көрсетілген дүние мүлде көңілге қонымсыз.
Бір жағынан қарағанда Мальдив аралдарына ұқсап кеткен жағажай, екінші қырынан Дубайға да келіңкірейді. 100 миллион теңге жасалған суреттегі жобаның құны 1 миллард 800 миллион теңге. Қаражаты бөлініп, мердігері де анықталып қойыпты. Бірақ жергілікті тұрғындарды баяғы жылу мәселесі қынжылтады. Құбырлардың 75 пайызы тозған. Соның 2-ақ пайзынын жаңартуға былтыр 4 миллиард теңге жұмсалыпты. Шенеуніктердің айтуынша, бюджет қаражатын тек қана жылу жүйелеріне жұмсауға болмайды. Абаттандыру мәселесі де өзекті. Оның үстіне жылу жүйелерін жаңарту жобасына биыл тағы 5 милдиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Ринат Қыдырбеков Теміртау ТКШ бөлімі бастығы:
- Биыл алты жоба жасалатын болады, жылу желілері бойынша. Екі жылдық жобалар, биыл ол жобалар аяқталады. Ол екінші магистарль 4,4 киллометрдің 1,4 ауыстырылған болатын. Үшінші магистраль металлург даңғылында 6,1 шақырымның 5,8 ауыстырылды. 400 метрдей жердің астында, сол ауыстырылған жоқ. Соны биыл аяқтайтын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!