{metadescription}
Түн ортасында Алматыда жаппай төбелескен 11 адам ұсталды
Түн ортасында Алматыда жаппай төбелескен 11 адам ұсталды

Түн ортасында Алматыда жаппай төбелескен 11 адам ұсталды

Алматылықтардың түн тыныштығын бұзып жаппай төбелескен 11 адам ұсталды. Жастар арасындағы жанжалдан ешкім ауыр жарақат алмаған. Қаланың қақ ортасында жаға жыртысқан жас жігіттер нені бөлісе алмағаны әзірге белгісіз.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Дабылға бірден бірнеше патруль полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде төбелеске қатысу мүмкін деген 11 адамды ұстады. Бұзақылық дерегі бойынша, яғни ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желіге таралған төбелесті Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері түсіріп алған. Себебі, жастар арасындағы текетірес түнгі он бір шамасында дәл осы жоғарғы оқу орны жатақханасының жанында болыпты. Кадрден топ-топқа бөлініп алған жігіттер бас-көз демей бір-бірін соққыға жығып жатқанын аңғаруға болады. Жерге құлағандарын жабылып тепкінің астына алған. Полицияны алғаш болып шақыртқан оқу ордасының өкілдері ішкі тексеріс жүргізіп, студенттермен тілдескенін айтады. Олар осы кикілжіңге шәкірттеріміз қатысқан жоқ деп отыр.

Мансұр Әлімханов, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры:

- Төрт жатақхана бар. Университеттің жанында болғаннан кейін, бірінші курс студенттері тұрады. Көбісі кәмелет ке толмаған балалар. Сондықтан оларды біз он бірден кейін шығармаймыз. Балалармен сөйлестік. Куәгер ретінде көрген. Видеоға жазғаны бар. Бірақ төбелеске қатысқан жоқ балалар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде