{metadescription}
Сауалнама: Бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?
Сауалнама: Бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

Сауалнама: Бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

Әр азаматтың дауысы маңызды! 19 наурызға еліміздің дамуына жаңа серпін беретін саяси дода жоспарланған. Халық сайлаған әр депутат елдің ертеңі не елеулі үлес қосса дейді жұртшылық. Халық қалаулыларынан күтеріміз көп деген бұқараның сайлау туралы пікірі қандай?

- Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін әрдайым өз үлесімді қосып отырамын. Әрқашан әр сайлауға қатысамын. Әр азамат осы сайлаудың маңызын түсіну тиіс деп ойлаймын. Біз сол депутаттарды сайлағанмен, олар біздің қоғамдық мәселемізді шешеді деп сайлаймыз. Сондықтан маңызы зор деп ойлаймын.

Біз енді аға буынбыз. Бұрын да баратынбыз. Қазір енді міндетті түрде барамыз. Не үшін барамыз?! Балаларымыздың болашағы үшін барамыз. Жақсыжақсы идея, бағдарламаларын айтып жатыр. Біздің өмірімізге, біздің балаларымыздың келешегіне әсері болады деп ойлаймын.

Жаңа Қазақстан деп жатыр ғой. Сондықтан күтетініміз, әрине, еліміздегі болып жатқан бар жайтты, болып жатқан, адамдардың ойларын, адамдардың қалауын тыңдайтын. Сонымен санаса білетін. Соны мүмкіндігінше қолына алып шешеді деп ойлаймыз. Соған сенеміз. Күтетініміз сол. Үмітіміз бар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өзгерістер өте көп. Оның бірі - Конституция өзгерілді. Референдум болды. Және де біздің президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев бәрін біріктіріп, Жаңа Қазақстан деген ұғымды келтіріп жатыр.  Иәс дауыс беріп, барамыз. Әрине бәріміз қолдаймыз. Сайлау өткізу өте маңызды бәрімізге. Өзгерістер көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде