{metadescription}
"Ауыл" кандидаттары Астанада электротехника зауытында болды
"Ауыл" кандидаттары Астанада электротехника зауытында болды

"Ауыл" кандидаттары Астанада электротехника зауытында болды

"Ауыл" партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін саяси ұйым атынан депутаттыққа ұсынылған кандидаттар елордадағы электротехника зауытына барды. Онда ұжыммен кездесіп, өз бағдарламасын таныстырды.

Қызметкерлер кәсіпорынның тыныс-тіршілігі және өндіріс орнындағы еңбек жағдайын ортаға салды. Көкейдегі сұрақтарын қойып, штаб мүшелері қордаланған мәселелерді шешуге ниетті екендерін жеткізді.

Ал саяси ұйымның өңірлерді аралап жүрген жұмыс тобы Шығыс Қазақстан облысына жетті. Олар сондағы жылыжайға ат басын бұрып, бағбандардың базынасына құлақ түрді. Партияның тұғырнамасын сонда да таныстырып, саяси доданың жай-жапсары түсіндірілді. Сөйтіп партия мүшелері көмірдің жылуымен өсірілетін лимон, банан және ананас бақтарын аралады. Мәселен, лимон бағынан жылына 10 тонна өнім шығады, - дейді кешен қызметкерлері. "Ауыл" партиясының өкілдері ары қарай үгіт-насихат жұмысын еліміздің солтүстік аймағында жалғастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде