{metadescription}
«Қайырымдылық керуені»: Астанада ең батыл жандар марапатталды
«Қайырымдылық керуені»: Астанада ең батыл жандар марапатталды

«Қайырымдылық керуені»: Астанада ең батыл жандар марапатталды

Астанада ең батыл жандар, патриоттар мен меценаттар марапатталды. Олар қысылтаяң шақта әркез қолұшын созатын, өзін емес, өзгені ойлап жанқияр іске барған нағыз құрметке лайықты жандар.

Жыл сайын осындай лайықты тұлғалар «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауында арнайы марапатталады. Жүрек жылуының арқасында көзайым болған адамдар туралы:

Адамды ажалдан арашалап, қайырымдылықпен белсенді айналысып, мәдениетті дамытып, қоршаған ортаға пайдасы тиіп жүрген жандар бүгін елордада бас қосты. Мейірімді отандастарымызға жыл сайын "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" мен "Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы" құрмет көрсетеді. Олардың жақсы ісін паш етіп, келер ұрпаққа үлгі-өнеге қылады. «Қайырымдылық керуені» байқауы биыл бесінші рет өтуде.

Әлкей Марғұланұлы, "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" атқарушы директорының орынбасары:

- Біздің жобамыздың ең негізгі миссиясы қоғамымызды бірлікке шақыратын, қоғамымызда ерекше көмекті қажет ететін топтарға, өз басындағы қиындыққа қарамастан көмек беріп жатқан адамдардың өмірін көрсету арқылы жақсылықты тарату. Себебі жақсылық жасау, жақсылық орындау, оны айту барлығымызға ортақ парыз секілді көрінеді.

Солардың бірі - тараздық Саламат Алламбергенов. Ол осыдан екі жыл бұрын үш баланың өмірін құтқарып қалды. Көрші үйден түтін байқаған Саламат тұншығуға шақ қалған кішкентай бүлдіршіндерді аман алып қалған. Үйдің есігін бұзып ашып, оларды құтқаруға асыққан.  Сол ерлігі үшін бүгін «Батыл жүрек» сыйлығын иемденді.

Саламат Алламбергенов, «Батыл жүрек» аталымының иегері:

- Ешкімге хабарласқан да жоқпын, тек досыма хабарластым, осы Астана қаласында тұрады. Мақсат деген. Сол кісіге қуанышымды айттым. Мақтанып десе де болады. Досым да  қуанып жатыр. Үш баланы аманесен алып шықтым. Сол кісі хабарласқан болуы керек журналистерге. Содан қоңырау шалып, осылайосылай марапаттаймыз деп. Рақмет!

Мүгедек жандар, жомарт адамдар да «Туған жер», «Қайырымдылық тарихы», «Мейірім жолында», «Жануарға мейірім», «Бала жүрегі», «Асар» сияқты аталым бойынша сыйлық табысталды. Есепсіз, сұраусыз жақсылық жаршысы болған осы заманның батырлары насихаттауға лайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде