{metadescription}
БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты тергеу басталды
БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты тергеу басталды

БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты тергеу басталды

Қазақстанның авиация әкімшілігі Ми-8 тікұшағын пайдаланатын әуе компанияларының қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізбек. Бұған «ҚазАвиақұтқару» мекемесіне тиесілі әуе көлігінің апатты жағдайда қонуы себеп.

Кеше Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі қаза тапты. Аман қалған екеуі ауруханада жатыр. Қазір осы дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.

62 жастағы азамат апаттан аман қалғандардың бірі. «Қазавиақұтқару» мекемесіне тиесілі тікұшақ «Қазтрансойл» компаниясының тапсырысымен магистаральды құбырын барлауға көкке көтерілген. Атыраудан ұштан әуе көлігі Батыс Қазақстан аумағында апатты жағдайда қонып, күл-талқаны шықты. Сергей Щеглов өзінің тірі қалғанына әлі сене алатын емес. 40 жылдық еңбек өтілі бар кәсіби ұшқыш оқыс жағдайдың қалай болғанын түсінбей қалдым дейді.

Сергей Щеглов, «Қазавиақұтқару» мекемесінің инженері:

- Бәрі дұрыс болған. Біз үш сағаттай ұштық. Көкке көтерілерде еш мәселе болған жоқ. Не болғанын түсінбей қалдым. Бірнішіден, мен артқы орындықта отырдым. Кенеттен құлдиладық та, жерге бірақ құладық. Бәрі қасқағым сәтте болды.

Мұнай компаниясының өкілі де аман қалды. Қазір екі науқас та ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ дейді.

Еркін Ақбалин, Орал көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Екеуі де нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Бас жабық жарақаты, миы шайқалған,  шүйде аймақтарының соғылған жарақаттары. Екінші науқаста бетінен жарақат бар.

Өкінішке қарай төрт экипаж мүшесі қаза тапты: аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов, жетекші-инженер Жәрдем Досқалиев және екінші пилот Владимир Афанасьев. Марқұмдардың бәрі ұзақ жылдан бері авиация саласында қызмет еткен. Бүгін төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі жазым болғандардың отбасына қаржылай қолдау көрсетіледі деді.

Руслан Иманқұлов, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Қаза тапқан қызметкерлердің балалары кәмелетке дейін  қаза тапқан қызметкердің жалақысы көлеміндегі ай сайынғы жәрдем ақымен қамтылады. Барлық қажет төлем ұжымдық келісімшартқа сәйкес міндетті түрде төленеді.

Осы дерекке қатысты іс қозғалып тергеу басталды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін «Қазавиақұтқару» мекемесінің директоры мен тікұшақты шығарған компания өкілдері оқиға орнында жүр.

Айта кететін жағдай, әуе кемесі небәрі екі жыл бұрын ғана қолдануға беріліп, жыл басында жоспарлы тексерістен өткізілген. Енді арнайы құрылған комиссия әуе техникасының неліктен апатқа ұшырағанын анықтауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде