{metadescription}
Серік Сәпиев: «Ол эмоцияға беріліп, мен де ашуланып, осындай жағдай болып қалды»
Серік Сәпиев: «Ол эмоцияға беріліп, мен де ашуланып, осындай жағдай болып қалды»

Серік Сәпиев: «Ол эмоцияға беріліп, мен де ашуланып, осындай жағдай болып қалды»

«Қателігімізді түсіндік!» Серік Сәпиевтің жағасына жармасқан жас балуан мен оның бапкері көпшіліктен кешірім сұрады. Олар эмоцияға беріліп артық кеттік деп отыр. Ал бокстан Олимпиада чемпионы ойыннан кейін бәрі дос болып қалу керек деген пікірін білдірді.

Өткен аптада Алматыда  Batyrball сайысында еркін күрес шебері Зелімхан Мусиханов қарсылас команданың капитаны Серік Сәпиевті жерге алып ұрып, қос спортшы арасында кикілжің туындаған. Оның жаттықтырушысы да үнсіз қалмай, атақты былғары қолғап шеберін кінәлап, жанкүйерлердің ашуын туғызды.

Сегізбұрышта Серік Сәпиевті жерге алып ұрған жас балуанның әрекеті әлемжеліде талайдың ашуын туғызды. Олимпиада чемпионына күрес әдісін қолданған қызуқанды жас жігіт мұнымен тоқтап қалмай, ойын аяқталғанда атақты боксшымен ерегесіп, оны ұруға ұмтылған. 

Қос спортшы арасындағы кикілжің киім ауыстыратын бөлмеде жалғасты. Зелімхан Мұсаханов өзінен жасы үлкен Сәпиевті жекпе-жекке шақырып жүр. Ал оның бапкері шәкіртін сабырға шақырудың орнына Олимп шыңын бағындырған былғары қолғап шеберіне әкіреңдеп, «ұялмайсың ба» деп кінәлады. 

Төбелесе жаздаған жігіттер ақыры қол алысып тарқасты. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан жанжал өткен аптада Алматыда жалауын желбіреткен ММА турнирінде болған. Дүбірлі дода аясында күрес, регби мен баскетболдың жиынтығынан құралған «Батырбол» ойыны өтеді. Жаңа спорттың ережесі бойынша команда мүшелері допты тор қалтаға салудан бөлек, бір-бірін жығып, белдесуге рұқсат етілген.

Нұрбек Қарабала, Naiza лигасының президенті:

- Ойын кезінде лақтыруға болады. Арттан лақтырады және т.б. Ол тек доп бар жерде. Ал мына жақта жүрсің, ана жақта бірбірін лақтыру деген жоқ. Аяқтан өту. Бұл ережеде жоқ. Сол жерде енді Серіктікі дұрыс қой. Қалай ол лақтырып жатыр? Реакциясы соған пайда болды.

Серік Сәпиевтің жағасына жармасқан Зелімхан Мұсаханов пен оның жаттықтырушысы ақыры қазақстандықтардан кешірім сұрады. Басын салбыратып, дайын мәтінді оқып берген олар эмоциямен артық кеткенімізді түсіндік дейді.

Ал Серік Сәпиев жарыс аяқталған күні пікірін білдірген болатын. Экс-депутат, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы жекпе-жектен кейін қарсыластар дос болып қалу керек екенін жеткізген.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:

- Мұндай жағдай жекпежекте де, футбол алаңында да, кез келген жерде болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалуы керек. Мұндай жағдай не себепті болды? Ойын аяқталғаннан кейін мен қол алысуға барамын да, қарсыласыма күлімсіреп: "Ондай жағдай болып тұрады" деймін. Бұл жерде ол эмоциямен жауап берді. Сондықтан мен де ашуланып, осындай жағдай болып қалды, сол ғана.

Даумен аяқталған додада Серік Сәпиевтің командасы бірінші орын алып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, танымал спортшылар жарысқа қатысуға өздері ниет білдіреді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде