АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Бликен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі
Энергетикадан бастап, экологияға дейін! Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Бликеннің қатысуымен болатын саммитте аймаққа қатысты біраз мәселе қаралмақ. Астанада ертең "С5+1" форматындағы жиын өтеді.
Автор: Айғаным Достанбай
27.02.2023
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Бүгінде оған барлық шетелдік Орталық Азия елдерінің министрлері қатысатыны расталды. С5+1 министрлер кездесуінде АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен энергетика және экология экономикасы, сонымен қатар терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Ал саммитке дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы ресми сапар аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен де бірқатар келіссөз жүргізу жоспарланған. Энтони Блинкен Қазақстанға сапары алдында әуежайда түскен фотосын Твиттерге жариялады. Суреттің астына ол бүгін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарға аттанатынын атап өткен. Бұл оның АҚШ Мемлекеттік хатшысы ретінде біздің елге жасап отырған алғашқы сапары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!