{metadescription}
Қарағандыда кәріз қалдығы жерасты суына қосылып жатыр
Қарағандыда кәріз қалдығы жерасты суына қосылып жатыр

Қарағандыда кәріз қалдығы жерасты суына қосылып жатыр

Қарағандыда кәріз құбыры тесіліп, қалдықтар жерасты суына қосылып жатыр. Алайда коммуналдық қызмет кәріз жүйесіндегі ақаудың қайдан шыққанын таба алмай жатыр. СЭС мамандары да «Қарағанды су» мекемесіне қомақты айыппұл салғанымен, жағдайдың өзгеретін түрі байқалмайды.  

Павел Подвыгин, Қарағанды тұрғыны:

- Осы құбыр арқылы Қарағанды қаласы кәріз суының 70 пайызы өтеді. Ал апаттық жағдайға қосымша құбыр жоқ. Сондықтан ол суды Бұқпа өзеніне жіберуге тура келіп тұр. Соның салдарынан Федоров су қоймасы, Нұра, Соқыр және Бұқпа өзендері ластанып жатыр. 

«Қарағанды су» компаниясы кәріз құбырын кезең-кезеңімен әр 100 метр жерін тексеріп жатыр. Ол үшін құбырдың сол аралықтағы лас суы насос арқылы жердің үстімен келесі құдыққа құйылады. Ал бөгелген тұсының суы тегіс сорылып, ішіндегі қоқыс толық тазартылғаннан соң тексеру жүреді екен. Бітеліп немесе құбыр тесілді-ау деген аумақ бір шақырымнан асады. Әзірге 400 метрге дейінгі жері қаралған. Өйткені көлемі бір жарым метр құбырды тазалап қарап шығу ауыр еңбек пен уақытты талап етеді. Сондықтан компаниядағылар бұл жұмыстың қашан аяқталатынын айта алмады. Дегенмен СЭС мамандары Бұқпа өзенінен кәріз қалдықтарын тауып, компанияға 5 жарым миллион теңге айыппұл салып үлгерген. 

Кенжан Дауылбаев, «Қарағанды су» ЖШС техникалық директоры:

- Ақпан айының басынан бері тексеріп жатырмыз. Біздің коллектордағы су құдықтар арқылы асып, өзенге құйылып жатқан жері жоқ. Су жердің астымен кетуі мүмкін. Бірақ біз оны әлі таппадық. Жұмысшылар коллектордың ішін мұқият қарауда. Осы жұмыстардың арқасында құбырды толығымен тазартып та жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде