ОСК: Былтырғы сайлауға қарағанда осы жолы ...
Қазақстанда 12 миллионнан астам дауыс беруші бар. Былтырғы сайлауға қарағанда осы жолы тіркелуге тұрған азаматтар саны көп. Егер азамат сайлауға дейін 30 күннің ішінде тұрғылықты жерінде болмаса, басқа жерде тіркеліп таңдауын жасай алады.
Автор: Әзиза Төленби
27.02.2023
Ал өзінің тізімде бар-жоғын және дұрыстығын 4 наурыздан бастап тексеруге мүмкіндігі бар.
Константин Петров, ОСК төрағасының орынбасары:
- ҚР Сайлау туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін жасауы тиіс. Ал аумақтық сайлау комиссиясы акт бойынша сайлаушылар тізімін уақтылы қабылдап бақылауда ұстау қажет. Сайлаушылар тізімі екі күннің ішінде электронды түрде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Сайлаушылар тізімін жасауда елде 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.
Осы жолы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қатар өтеді. Сайлаушыларға бюллетень де әртүрлі түсте және көлемде болмақ. Науқанның кейбір тұсы әлі анықталып жатыр. Мысалы, қанша екені белгісіз, бірақ кандидаттардың арасында екі сайлауға қатар қатысатындар да бар . Бұл заңға қайшы емес дейді орталық сайлау комиссиясының мүшелері. Бірақ үміткер екі түрлі емес, бір ғана округтен түсуге тиіс. Екеуінен бірдей өткен жағдайда қайсына депутат болуды өзі шешеді. Ал саяси аламан алдындағы ең тартысты теледебат 16 наурызда өтпек. Жеті партия өзара пікір таластыратын бағдарлама еліміздегі республикалық арналардың бірінде болады.
Анастасия Щегорцова, ОСК мүшесі:
- Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісінің кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысын ұйымдастырады. Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес, сайлау алдындағы пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Сайлау алдындағы пікірсайыс өткізу күнін 2023 жылдың 16 наурызында анықтау ұсынылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!