Ерлан Қошанов Семейде қоғамдық көлікке отырып, тұрғындармен сөйлесті
Amanat партиясы Абай облысына келді. Кандидаттар семейліктермен ашық сұқбат құрды.
Автор: Әзиза Төленби
27.02.2023
Семей қаласында Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып қала тұрғындарымен сөйлесті. Жолаушылар жол жөндеу, әлеуметтік нысан салу сияқты толғандырған проблемаларды көтерді. Бұдан соң автобус паркінде қоғамдық көлік саласының қызметкерлерімен өткізілген кездесуде жолаушылар тасымалы мәселесі талқыланды.
Ерлан Қошанов, Amanat партиясының төрағасы:
- Қоғамда үміт бар. Осы болып жатқан өзгерістерге үміт бар. Шынында да президенттің реформаларынан халық үлкен үміт күтеді. Соны іске асыратын кім? Осы билікте жүрген азаматтар, одан кейін осы біз, партиялар. Бәріміз сол қоғамды өзгертуге, қоғамдағы жақсы өзгерістерге ықпал жасауға еңбек етіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!