«Байтақ»: Жастарды спортқа баулу - басты мәселе
Жастарды спортқа баулу - ең басты мәселе. Осылай деген «Байтақ» партиясының төрағасы елордада киокушинкай каратэден өткен жарысқа арнайы барып қатысып, жас спортшыларға жанкүйер болды.
Автор: Елдос Есенбол
27.02.2023
Жасылдардардың төрағасы Азаматхан Әміртаев дүбірлі дода басталар алдында каратэшілермен шағын кездесу өткізіп үлгерді. Спортшыларға сәттілік тілеп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жас каратэшілерді толғандырған сауалдарға жауап берді. Әрі наурыздағы саяси науқанның маңызы туралы әңгіме өрбіді. "Байтақ" партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, елдегі саяси реформалар туралы пікір алмасу өтті.
Азаматхан Әміртаев , «Байтақ» партиясының төрағасы:
- Негізгі мақсаттың бірі, құндылық – денсаулықты сақтау. Спорт – денсаулық кепілі. Жастарды спортқа бағыттау, талпындыру – ең басты мәселе.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!