ЖСДП әлеужелілерде белсенділік танытып жатыр
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері әлеуметтік желілердегі үгіт насихат жұмысын мықтап қолға алуда. Партия мүшелері ғаламтордағы ресми парақшаларында сайлауалды бағдарламаларымен белсенді түрде бөлісіп отыр.
Автор: Айғаным Достанбай
27.02.2023
Партия өкілдері желі қолданушыларымен тікелей эфир арқылы тілдесуді әдетке айналдырған. Бұл бастамаға бүгін саяси ұйымның төрағасы да қолдау білдірді. Асхат Рақымжанов партияның ресми парақшасындағы оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, білім, денсаулық сақтау саласына қатысты пікір алмасты.
Асхат Рақымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:
- Елімізде 19 млн-ға жуық халық болса, әрбірінің өз проблемасы бар. Әрқайсысы біздің парақшада өткізелетін эфирге кіріп тікелей сауалын жолдауға мүмкіндік алады. Сондықтан қазір әлеуметтік желілерге аса мән беріп, онда белсенділік танытып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!