Шымкент пен Түркістан облысындағы ұсақ жанармай бекетттері сұйық отынсыз қалған
Шымкент пен Түркістан облысындағы ұсақ жанармай бекетінің қожайындары сататын сұйық отын таппай отыр. Өңірдегі 500-ге тарта бекетке бензин мен дизель отынын «Петросан» компаниясы жеткізуі тиіс.
Автор: Бек Әбиев
27.02.2023
Алайда олар қажеттіліктің тек 10-15 пайызын ғана қамтып, қалған жанармайды нарықтағы тек 5-6 алпауыт компанияға үлестіреді дейді кәсіпкерлер. "Петросан" басшылығының бұған айтар өз уәжі бар.
Шымкент пен Түркістан облысында жанармай құятын 500-ге жуық ұсақ бекет бар. Оларға дизель мен бензин жеткізуді елдегі жалғыз оператор «Петросан» компаниясы мойнына алған. Бірақ жалғыз монополист бізге сұйық отынды там-тұмдап береді дейді кәсіпкерлер.
Әскербек Бекжанов, кәсіпкер:
- Майдашүйде кәсіпкерлердің бәрін бір шетке қарай итеріп қояды да, алпауыт фирмаларға ғана береміз дейді. Ал ол алпауыт фирмалар тек үлкен қалаларда, үлкен трассаларда ғана бар. Шағын ауыл арасына тиімсіз. Ол салмайды, біз сияқты кішкентай кәсіпкерлер салады, ол жерге. Ал оларға көлемді бермейді. Өйткені біздікі оларға қызық емес.
Кәсіпкерлер «Петросан» бермеген бензин мен дизельді ортада жүрген көтерме компаниялар арқылы алып келген екен. Бірақ мемлекет былтыр делдал компаниялардың мұнай өнімін тасуына тыйым салған. Содан бері бәрі монополист компанияға ғана қарап қалдық деп отыр. Кәсіпкерлер көктем мен күзде дизель тапшылығы мен қымбатшылық осылай қолдан жасалып отыр деген пікірде.
Берік Жұмабек, кәсіпкер:
- Біріншіден, осы кәсіппен айналысып жүрген Түркістан облысындағы кәсіпкерлер жұмысын тоқтатады. Қанша адам жұмыссыз қалады және тек үлкен бекеттер қалатын болса, олар өз үстіне қоятын маржаны көбейтеді деп ойлаймын. Ол айналып келгенде халықтың қалтасын қағады. Біреулерге беріп те жатқан жоқ. Мысалы, маған дизель отынын да, 92-ні де берген жоқ. Ала алмай отырғаныма екі ай болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!