{metadescription}
Неке куәлігін алу мерзімі қысқартылды
Неке куәлігін алу мерзімі қысқартылды

Неке куәлігін алу мерзімі қысқартылды

Қазақстандықтар үшін неке куәлігін алу мерзімі қысқартылды. Бұрын бұл құжат алуға бір ай қажет болса, енді 15 күнде қол жеткізе алады. Әрі бұл процесті мобильді қосымшада жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Анастасия Соленик, Орал қаласының тұрғыны:

- Біз неке куәлігін алу үшін ұзақ уақыт қажет бола ма деп ойлаған едік. Сөйтсек, небәрі екі аптада дайын болғаны жөнінде хабар келді. Қатты қуандық. Өйткені біз бұл күнді асыға күттік және оған ерекше дайындалдық. Енді жоспарымыз уақтылы орындалатын болды.

Азаматтық хал актілері жазбасы бөлімінің мамандары неке куәлігі қолға тимейінше, отбасылық өмірге қадам басқан жастар жауапкершілікті сезінбейді дейді. Сондықтан ғашықтардың қолына ерлі-зайыпты екенін растайтын куәлікті жылдамырақ берген дұрыс деп отыр. Әрі бұдан былай тиісті мекеме алдында сабылмай, өтінішті мобильді қосымша арқылы да беруге болады. Оны қолдану да қиын емес дейді мамандар. Жаңашылдықты қолдаушылар жағы көп көрінеді. Өйткені алғашқы екі аптаның өзінде қосымша арқылы 500-ге жуық өтініш түскен.

Эмилия Зуевич, СҚО Әділет департаментінің бас маманы:

- Әрине, неке куәлігін алатын күнді жастар тағатсыздана күтеді. Құжат берілетін уақыттың 15 күнге қысқаруын олар зор қуанышпен қабылдады. Бұрын 30 күн болғанда, отбасын құрғандар заңды некеге тұруға асықпаушы еді. Куәлік алу мерзімі қысқарған смоң олардың көзқарасы да өзгерді. Яғни ерлізайыпты екенін растайтын құжатты алуға асығатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде