{metadescription}
ДСМ: 11 жастан асқан 100 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады
ДСМ: 11 жастан асқан 100 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады

ДСМ: 11 жастан асқан 100 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады

Он бір жастан асқан 100 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады. Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын жасарып бара жатқан жаман аурудың алдын алуды көздеп отыр.

Әрине, вакцина кәмелетке  толмаған жеткіншектің ата-анасының немесе қамқоршысының келісімінен кейін салынады. Дәрігер де алдын ала рұқсат беруге тиіс.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бірінші кезеңде 100 мың жеткіншекті егеміз. Оған бюджет қарастырып, екпе сатып алу қажет. Биылдан бастап жатыр мойыны обырының алдын алу туралы түсіндіруді кеңінен жүргіземіз. Басқа мемлекеттердегі нәтижелі тәжірибелерді алға тартамыз. Бұл вакцинаны 140 ел қолданады.

Жеткіншектер арасындағы обырдың алдын алуға министрлік 2012 жылы кіріспек болған. Алайда тәжірибенің аздығы мен қоғамның дайын болмауы қол байлады. Бұл идеяны ешкім қолдамаған да. Қазір әлемнің 140 мемлекеті папиллома вирусына қарсы екпенің арқасында жатыр мойны обырын 60 пайызға азайтқан дейді министр. Өкініштісі, Қазақстанда жыл сайын екі мың әйел аталмыш ауруға шалдығады. Денсаулық сақтау министрлігі халық емінен гөрі, ғылыми дәлелденген, лицензиясы бар медицинаны қолдайық деп отыр. Бұл ретте жаңа туған шақалақтың маңдайын ұстарамен кесіп қан алу оқиғасын мысалға келтірді. Нәрестеге хиджама жасаған орталық жабылады деді Ажар Ғиният. Ал сол хиджаманың дұрыс-бұрыстығын қазір дәстүрлі емшілер мен кәсіби мамандар талдап жаты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жердегі санитария- эпидемиологиялық заңбұзушылық болғандықтан, бұл орталықты қазір жабу рәсімі жүріп жатыр. Тек санитария-эпидемиологиялық бұзушылық емес, бұны медициналық көмектің бақылау комитеті тексеріп, көптеген жұмыста бұзушылық табылды. Сондықтан бұл орталықты жабылу рәсімі жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде