{metadescription}
Аңға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалім іздестіріліп жатыр – Түркістан облысында
Аңға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалім іздестіріліп жатыр – Түркістан облысында

Аңға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалім іздестіріліп жатыр – Түркістан облысында

Түркістан облысында аң атуға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалім іздестіріліп жатыр. 38 жастағы Нұрлан Аймаханбетовтің жанында серігі де болыпты. Ол дін аман.

Оқиға Бәйдібек ауданында болған. Арыстанды деп аталатын өзен жағалауына қаз, үйрек атуға барған екеудің бірі 24 ақпан күні ұшты-күйлі жоғалған. Жанында болған серігі оның қалың қамыс арасына кіріп, содан шықпай қалғанын айтыпты. Содан бері аудан мен облыс құтқарушылары, полицейлер мен тұрғындарын есептегенде 100 шақты адам күндіз-түні іздестіріп жатыр. Тіпті дронмен әуеден шолу жасап шыққан. Алайда үш баланың әкесі әлі табылған жоқ. Төтеншеліктер іздестіруге табиғи кедергілердің кесірі тиіп жатқанын айтады.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Біріншіден, бұл жағалауларда, өзен-көлдің ішкі жағында жыңғыл ағаш пен бұта көп. Адамның жүріп-тұруын лайлы балшық қиындатып жатыр. Осыған қарамастан әрбір су қойманың жағалауын, мүмкін деген ықтимал учаскелерді, әрбір метрі, әрбір қадамы тиянақты зерттеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде