«Ақ жол» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсы меморандумға қол қойды
Ауыл шаруашылығы өнімін шығаратындарға жеңілдік жасау керек! Ақжолдықтар Елордадағы өндірушілермен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының экономикалық бөлімін түсіндірді.
Автор: Салтанат Шырынхан
28.02.2023
Жиынға Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсының өкілдері жиналған. Кәсіпкерлер бірқатар сұрақ қойып, өзін толғандырып жүрген ұсыныстарын айтты. Кездесуде «Ақ жол» партиясы мен Альянс мүшелері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Азат Перуашев, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы:
- «Ақ жол» партиясы сайлауалды науқанның ортасында келе жатыр. Біз барша аймақтарда осы еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, халықпен кездесуді өткізіп отырмыз. Бүгінгі күні қол қойған меморандум идеясы да содан шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!