{metadescription}
Атамекен тұрғындары ауызсуға жарымай отыр – Маңғыстау облысы
Атамекен тұрғындары ауызсуға жарымай отыр – Маңғыстау облысы

Атамекен тұрғындары ауызсуға жарымай отыр – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысындағы Атамекен ауылы ауызсуға жарымай отыр. Кезінде елдімекенге су тартуға құбыр жүргізілген. Бірақ ол соңғы кездері істен шыққан. Халық ауызсуды арнайы көлікпен алдырып ішеді. Соңғы уақытта соның өзіне зар болдық дейді жиналғандар.

Ал халықты сумен қамтитын мекеме басшылығы ауылға су жіберіп жатырмыз деп ақталды.

Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғындары ауызсу арманға айналды дейді. Себебі, кестемен берілетін су уақытында жеткізілмейді.  Ауылдағылар суды арнайы көлікпен алдырып ішеді. Оның өзі 5-6 мың теңге тұрса да, ұзаққа жетпейді. 

Алена Мұстафина, Атамекен ауылының тұрғыны:

- Бір жылдың ішінде бізде осындай проблема. Бізге су келмейді. Аптасына үш рет береміз деп жазды. Жаз келе жатыр. Баубақшамызға қалай қараймыз? Су жетіспейді. Су береміз деп айтады. Жазады. Су келген жоқ. Зауытта су жоқ деп келесі аптаға қалады. Келесі аптада да бермейді.

Тұрғындардың тапшылық неден туындап жатқанын жақсы біледі. Айтуларынша ауылда соңғы кезде көлік жуатын орталық көбейген. Сондықтан ауыз су халыққа жетпей жатыр деп топшылайды.

Ольга Гребанова, Атамекен ауылының тұрғыны:

- Екі жылдан бері су жетіспейді. Көлік жуатын орталық көп салынды. Соның иелері бізге жіберетін суды өзіне тартып алған сияқты. Астанадағы жауаптыларға хабарласып едік. Көлік жуатын орталықтарды жапты. Су тоқтамай келіп тұрды. Бірақ ол да уақытша болып шықты. Көп ұзамай көлік жуатын орталықтар қайта ашылып, су қайта жетпей жатыр. Жауаптылар басқа мәселемізді шешпесе де, суды уақтылы берсе екен.

Ал Мұнайлы ауданын сумен қамтитын мекеме өкілдері ауданда 800 шақырым құбыр бар дейді. Су өндіретін зауыттан шыққан су құбырмен жіберуге жетпейді. Сондықтан суды көлікпен тасуға мәжбүр. Бірақ ол анда-санда болатын жағдай деп ақталды.

Жасұлан Мұхамбетқалиев, «Маңғыстау жылу» МКК директорының міндетін атқарушы:

- Атамекен ауылына біз күнделікті суды кесте бойынша беріп келе жатырмыз. Соңғы уақытта «Каспий» су тұшыту зауытынан судың көлемі бізге тиіс деңгейде келмеуіне байланысты кестеден сәл ауытқу болды. Сол себепті біз кей күні суды кестеге сай бере алмай отырмыз. Ал кестемен бере алмаған күндерге біз ауызсуды арнайы автокөлікпен жеткізіп беріп отырмыз.  

Ал су өндіретін зауыт басшылығы атамекендіктерді қолдан келгенше сумен қамтып отырмыз дейді. Қазір Мұнайлы ауданына тәулігіне 10-12 мың текше метр су жібереді екен. Айтуларынша, халыққа су жеткізетін «Маңғыстау жылу» мекемесі қарызға батқан. Соған қарамастан су беруді тоқтатпадық дейді.

Нұрлыбай Аққұлов, «Каспий» су тұшыту зауытының директоры:

- Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау жылу» мекемесі бізден халыққа шыққан суды жеткізумен айналысады. Олардың бізге қарызы 652 млн теңге. Бірақ оған қарамастан бізде суды шектеу мәселесі немесе суды ажырату орын алған емес. Біз зауытты бірдебір күні тоқтатқан жоқпыз. Күнделікті тұрақты түрде суды жіберіп жатырмыз.

Алдағы уақытта су тапшылығын жою үшін Каспий су тұшыту зауытын қайта жаңғырту көзделген. Сондай-ақ тәулігіне 60 мың текше метр су өндіретін тағы бір зауыт жоспарын жасап отыр екен. Жоба жүзеге асырылса, ауыл-аймақ ауыз судан тарықпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде