{metadescription}
Іздеу: Алматыда жаңа туған нәрестесін лақтырып кеткен
Іздеу: Алматыда жаңа туған нәрестесін лақтырып кеткен

Іздеу: Алматыда жаңа туған нәрестесін лақтырып кеткен

Алматыда екі күннен бері жаңа туған нәрестесін тастап кеткен безбүйрек ана іздестіріліп жатыр. Кіндігі де кесілмеген шақалағын өзен бойына лақтырып кетіпті.

Целлофанға мұқият оралған баланың денесін сол маңда қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көріп полицияға хабарлаған. Бауыр еті баласын өлімге қиған әйел әлі табылмады.

Нәрестенің денесі өзен маңынан табылған сыңайлы. Өйткені мұнда дәрігерлер қолданған медициналық қолғаптар шашылып жатыр. Ал енді безбүйрек ана бауыр еті баласын осы жерге тастап кетті ме, әлде өзеннің ағысымен жоғарғы жақтан ағылып келді ме, ол әлі белгісіз. Белгілісі, шақалақтың өлі табылған. Осыдан екі күн бұрын итімен серуендеп жүрген тұрғын бірінші көріп, бірден полицейлерге хабарлапты. Бұл жер Словацкий көшесіндегі кісі аяғы сирек басылатын қуыс. Нәресте өзеннің жағасында біраз жатқан сияқты.

Андрей Григорьев, Алматы тұрғыны:

- Шақалақты тапқан  кезде куәгер ретінде болдым. Дәл судың ішінде жатты. Целлофанның ішінде, сыртынан екі сүлгімен оралған. Көтеріп тексерді. Баланың кіндігі кесілмеген. Шекесін тышқандар тістелеп тастаған ба, әлде құстар шоқып тастаған ба, әйтеуір терісі сыпырылып кеткен.

Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары дүйсенбіден бастап тасжүрек ананы іздеп жатыр

Еркін Өтегенов, Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Ақпанның 27 күні сағат 22:00 жергілікті тұрғын итімен серуендеп жүргенде кішкентай нәрестенің мәйітін тапқанын хабарлады. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көкек анаға қатысты еш мәлімет жоқ. Полицейлер емханаларда тіркеуде айы-күні жетіп тұрған жүкті әйелдердің тізімін тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде