{metadescription}
БҚО-да болған тікұшақ апатының себебі ...
БҚО-да болған тікұшақ апатының себебі ...

БҚО-да болған тікұшақ апатының себебі ...

Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың апатқа ұшырауына қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігінің болжамы әзірге осындай.

Мереке Пішембаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:

- Тексеріс әлі аяқталған жоқ. Бірақ бір қарағанда табиғаттың есебінен деп айтуға болады.

- Бірақ ұшуға ауа райы қолайсыздық тудырмаған деп еді ғой.

- Күтейік, біткесін сіздерге толық мәлімет береміз.

Тексеріс қортындысы қашан шығары әзірге белгісіз. Қазір бұл іс бойынша арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Осыдан күн бұрын Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонып қирап қалған. Қазавиақұтқару мекемесіне тиесілі әуе көлігі «Қазтрансойл» компаниясының тапсырысымен көкке көтерілген. Магистральді мұнай құбырларын барлауға шыққан тікұшақта алты адам болған. Төрт экипаж мүшесі оқиға орнында жан тапсырса, жарақаттанған екі адам аурухана түскен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде