ШҚО-да тасқынның алдын алып мұз жарып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупін төндіріп тұрған өзендер қатаң бақылауға алынды. Себебі аймақтағы өзен-көлдердің бетіне бір метрге дейін мұз қатқан. Сондықтан құтқарушылар қызыл судың алдын алу үшін мұз жару жұмыстарын жүргізуде.
Автор: Ұлан Нұрахмет
01.03.2023
Биыл қыс қатты болып, өзендерге қалың мұз қатған. Соның бірі Үбі өзені. Ол Шемонаиха ауданына қауіп төндіруде. Егер тасқын жүрсе, өзенге жақын орналасқан үйлерді су шайып кетуі мүмкін. Себебі ондағы мұздың қалыңдығы бір метрден асып кеткен. Сондықтан төтеншеліктер арнайы ойықтар әзірлеп мұз жару жұмыстарын жүргізуде.
Қазір, аталмыш өңірде 16 елдімекенді су басу қаупі бар. Әсіресе Қатонқарағай, Күршім, Алтай, Шемонаиха аудандарын құтқарушылар қатаң бақылауға алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!