Қазақстан наны арзан елдердің әлемдегі топ бестігіне енді
Нан бағасының арзандығы жағынан Қазақстан әлемдегі топ бестікке кірді. Ал ас атасы өзімізде бір жылда 19 пайызға қымбаттаған. Қаңтар айында наубайханалар 42 жарым мың тонна өнім шығарған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі жарым пайызға артық.
Автор: Салтанат Шырынхан
01.03.2023
Нан өндіруде әсіресе Түркістан облысы көш басында. Онда 10 мың тоннадан аса ұн тартылған. Бұл республика бойынша үлестің 24 пайызға жуығы.
Одан кейін 4 жарым мың тоннамен Алматы және Ақтөбе облыстары тұр. Ал ең азы Ұлытау өңірінде. Ондағы өндіріс көлемі 401 тонна ғана. Соның салдарынан аймақта нан бағасы да 50 пайызға дейін қымбаттады.
Ақмола мен Маңғыстау облысында да ас атасының құны өскен. Алайда бұл әлемдік деңгейде салыстырсақ өте арзан баға дейді мамандар. Яғни нанның құны астық нарығындағы азық-түлік келісімшарт корпорациясына байланысты. Ол диірмендерді төмен баға бидаймен қамтамасыз етеді. Сол үшін арзандатылған астықтың тоннасына 25 мың теңге көлемінде мемлекеттен субсидия бөлінеді.
Евгений Ган, Қазақстан астық өңдеушілер одағы құрылтайшылар кеңесінің төрағасы:
- Расымен Қазақстандағы нан бағасы арзан. Өйткені елімізде қазір азықтүлік келісімшарт корпорациясы бидайды арзан бағада ұнды сату кестесімен жұмыс істейді. Яғни ол нарық құнынан төмен. Бидай өңдейтін кәсіпорындары әлеуметтік ұн алады. Оны әлеуметтік наубайханаларға нан пісіруге жібереді. Ал Азықтүлік келісімшарт корпорациясына бұған арзан астықтың тоннасына 25 мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!