{metadescription}
Нұрлы дала тұрғындары егіс суының зардабын тартып отыр — Алматы
Нұрлы дала тұрғындары егіс суының зардабын тартып отыр — Алматы

Нұрлы дала тұрғындары егіс суының зардабын тартып отыр — Алматы

Алматы іргесіндегі Нұрлы дала саяжайының тұрғындары егістік алқабының зардабын тарттық деп шулады. Тұрғындар күн жылып жаңбыр жауса алқаптан тоқтаусыз су ағып, көшелер көлшікке айналады деп отыр.

Алқап суаратын науқанда тұрғындардың кәріз құдығы мен дәретханасына су кіріп әбігерге түсетінін жеткізді. Себебі, саяжай еңіс жерде орналасқан. Ал, жер иесі «Байсерге-Агро» серіктестігі. Компания өкілдері бұл мәселені биыл түбегейлі шешеміз деп сендірді.

Қуандық Қарамырзаның үйі егістік алқабының дәл іргесінде тұр. Күн жылыса ат шаптырым аумақтағы қардың суы еріп, баспанасына қарай тоқтаусыз ағады. Жігіт ағасы даладағы дәретхана мен кәріз құдығым лайға толып тығырыққа тірелдім деп қынжылды.

Қуандық Қарамырза, Нұрлы дала саяжайының тұрғыны:

- Бірінші күн жылына бастағанда топан су үйге кірді. Ауланың ішін толтырып, дәретхана, септигіміздің ішін лайға толтырып кетті. Енді оның барлығын қайтадан қазуымыз керек. Қаншама шығын. Бір септиктің өзін жасап көріңіз, 100 мыңға дейін барады.

Алматы іргесіндегі Нұрлы дала саяжайы еңіс жерде орналасқан. Сондықтан елдімекенге егістіктен жыл он екі ай су ағады. Ал суармалы науқан басталса, жер астынан шығатын су ластанып, ішуге жарамыз болады дейді бұқара.

Дәурен Аятбеков, Нұрлы дала саяжайының тұрғыны:

- Суғаратын суды жіберген кезде топырақ су көтеріледі. Мысалы, қазып қойған құдықтың бәрі ардың лайланып кетеді. Бұл жақта су мәселесі қиындау болып отыр. Суда қысым жоқ. Сондықтан біз жерден қазып алып, содан су ішіп отырмыз ғой. Біздің судың лайланып кетуінің себебі де содан болады.

Жауын-шашында көше көлшікке айналады. Ми батпақта екі баласын мектепке апару Кәмилаға нағыз азап. Ұл-қызым білім ошағына жеткенше балшық кешіп, киім шақ келмейді деп отыр.

Кәмила Құлатайқызы, Нұрлы дала саяжайының тұрғыны:

- Мектепке осылай барып келеді, балашағамыз барлығы. Аяқ киімнің, көліктің соры болды біздің көше. Егін судың кесірінен көше осылай балшықбалшық. Мектептен келгенше бір жарым сағат өтеді. Аяғы батпақ, үстібасты балшық.

Саяжай жанындағы 100 гектардан астам жер «Байсерке-Агро» серіктестігіне тиесілі. Компания өкілдері тұрғындардың жанайқайынан кейін алқаптың көп бөлігіне суарылмайтын дәнді дақыл себуді ұйғарыпты.

Ұлан Маңғаз, «Байсерке-Агро» ЖШС бас агрономы:

- Менің ойым табиғат, табиғи құбылыс. Онымен қалай күрессең де, су немесе үстінен асып түседі, астынан  шайып кетеді. Ауыл адамдарының өтініші бойынша біз егіншіліктің ауыспалы егісін қайта қарастырып, сол жерлердегі учаскілердің 80 гектардан астам жеріне суарымды өнім екпейтін болып шештік. Ол жерге суғарылмайтын, яғни күзде, жазда арпабидай егіледі.

Серіктестіктегілер егістіктің айналасына арық қазып қойғанын айтады. Бірақ оған тұрғындар қоқыс лақтырып, қайта-қайта бітеп тастайды деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде