ҚХП Өскеменде бірнеше еңбек ұжымымен пікір алмасты
Қазақстан халық партиясы еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырып жатыр. Партияластар бүгін Өскемендегі осындай бірнеше еңбек ұжымымен жолықты.
Автор: Әзиза Төленби
01.03.2023
Үгіт-насихат штабы Өскеменде тау-кен металлургия кәсіпорынының қызметкерлерімен кездесті. Ұйым төрағасы кеншілердің тілегін тыңдап, сайлауалды тұғырнаманың негізгі тұстарын айтты. Партияластар ішкі істер министрлігінің жергілікті ауруханасы мен жергілікті су электр станциясында да болды.
Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан халық партиясының төрағасы:
- Шығыс Қазақстан облысында үлкен еңбек ұжымдарымен кездесу өткізудеміз. Жалпы осы өңірдегі қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, оларды алаңдатқан түрлі сұрақ бойынша пікір алмастық. Екі күн ішінде 78 мекемеде болдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!