БЖЗҚ: Жинақтың жартысын шешіп берем деген алаяқтан сақ болыңыздар
Кез келген мақсатта пайдалана аласыз! Ел арасында зейнетақы қорындағы жинақтың тең жартысын заңсыз шешіп беретін делдал-алаяқтар көбейген. Салымшыларға осындай қызмет түрін ұсынып жүрген пысықайлар өзін қор қызметкерлеріміз деп таныстырып жүр.
Автор: Айғаным Достанбай
02.03.2023
Бірақ бұлардың қорға еш қатысы жоқ дейді жауаптылар. Сондықтан тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сеніп, қартайған кезіне сақтап жүрген қаражатына сақ болуға шақырды.
БЖЗҚ:
- Қор өз салымшыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуы жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырады. Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне тегін қоңырау шалып қашықтан алуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!