{metadescription}
Bereke bank енді ресейлік «Мир» картасынан қолма-қол ақша бермейді
Bereke bank енді ресейлік «Мир» картасынан қолма-қол ақша бермейді

Bereke bank енді ресейлік «Мир» картасынан қолма-қол ақша бермейді

Bereke bank енді ресейлік «Мир» картасынан қолма-қол ақша бермейді. Бұл өзгеріс 6 наурыздан бастап еңгізіледі. Дегенмен шектеу тек АҚШ санкциясына іліккен ресейлік банктердің карталарына ғана қатысты.

Bereke bank баспасөз қызметі:

Наурыз айында АҚШ қаржы министрлігінің Шетел активтерін басқару жөніндегі басқармасы Bereke Bankтен санкцияны алып тастайды деп күтілуде. Санкция саясатына байланысты Банк санкция салынған тұлғалармен іскерлік қарымқатынаста емес. РФ-дағы санкция салынбаған банктер шығарған МИР карталарына Банктің банкоматтары мен терминалдарында өзгеріссіз қызмет көрсетілуде. Біздің Банк бұрын шығарған МИР карталарына да ҚР-дан тыс жерлерде МИР төлем жүйесіне қосылған санкция салынбаған банктер желісінде қызмет көрсету жалғасуда. Бұл ретте МИР карталарымен операциялар жүргізген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде клиенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп ұлттық және халықаралық реттеуші органдар ұсынған және Банк белгілеген операциялардың сомасы мен мақсаттары бойынша бұрын қойылған шектеулер қолданылады.

Bereke bank кезінде ресейлік Сбербанктің Қазақстандағы еншілес компаниясы болған. Батыс санкциясынан кейін «Сбербанк Россия» еліміздегі филиалын «Бәйтерек» холдингіне сатқан болатын. Былтыр ребрендинг жасалып, атауы Bereke bank болып өзгертілді. «Бәйтерек" холдингі санкция шектеулерін алып тастау туралы өтініш берген. Өтініш қаралып, «Сбербанктің» еншілесі болған қаржы ұйымы енді санкция шектеулерінен осы айда босатылуы мүмкін. Осыған байланысты дүйсенбіден бастап Bereke bank «Сбербанктің» Мир карталарына қызмет көрсетуді тоқтатпақ. Бұған дейін бұл қаржы ұйымның банкоматы картаны қабылдап, рубль шотынан теңге шығарып беретін. Экономистер бұл өзгеріс ел азаматтарына да, экономикасына да кері әсерін тигізбейді деп отыр. Тек Мир картасын қолданып жүрген ресейліктерге қиын болады.

Қуанышбек Дүйсенов, экономика сарапшысы:

Бұл экономикаға елеулі әсер етпейді. Бұл әсер ресейлік банктердің карталарымен жұмыс істейтін Қазақстанның заңды тұлғаларына немесе Ресей азаматтарына әсер етеді. Ал Қазақстан азаматтарына әсері жоқ. Өзіміздің азаматтарда осы карточка болып, қаражатты алу мәселесі болса, ұзақ күтіп алуы мүмкін. Бірақ одан қандай да бір экономикадағы дағдарыс, баға, пәтердің қымбаттау сияқты өзгеріс болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде