{metadescription}
0:000:00
Аңға шығып жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр – Түркістан облысы

Аңға шығып жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр – Түркістан облысы

Түркістан облысында апта бұрын аңшылыққа шығып жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр. 38 жастағы Нұрлан Аймаханбетовті іздеуге 70 құтқарушы мен 100-ден астам ауылдастары жұмылған. Алайда еш нәтиже жоқ. Жоғалған азаматтың туыстары төтенше жағдай қызметкерлері тым сылбыр қимылдауда деп налиды.

Бір апта бұрын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп директорымен бірге аңға шығып, содан бері ұшты-күйлі жоқ. Жанындағы серігі оның қамыс арасына кіріп, қайта шықпай қалғанын айтқан. Іздестіру шарасына КТК тілшісі қатысып келді.

Бәйдібек ауданындағы Арыстанды көлін бір жетіден бері жүздеген адам сүзіп жүр. Бәрі аңға шығып жоғалған Нұрлан Аймаханбетовті іздеп жатыр. 38 жастағы жігітті табуға 100 шақырым жердегі төрт-бес ауылдың тұрғындары да кіріскен. Жоғалған азаматтың әкесі апта бойы су кешіп ұлын іздеген ауылдастарын уайымдап жүр.

Іздеуді жеңілдету үшін Арыстанды көліндегі суды жанындағы арнаға ағызып жатыр. Бірақ еш нәтиже жоқ. Көл мен жанындағы су басқан жыңғылды тоғайды шарлап жүрген туыстары құтқарушылар саны аз, әрі сылбыр қимылдап жатыр деп кейіп отыр.

Тудыбек Таңсық, туысы;

- 10-15 сүңгуір жүр дейді , етікпен жүр. Оларда екіақ баллончик бар. Бір баллончик жарты сағатқа жетеді. Бір баллончик запаста.  Сүңгуірлер түсіп жатқан жеріне біз барып қойып жатырмыз. Қайықпен де, крючокпен де барып қойдық.

Тәлімгер әрі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Аймаханбетов 24 ақпан күні директоры екеуі аңға шыққан. Бірақ кешқұрым екіге бөлініп, 38 жастағы азамат терең суға кіріп шыға алмай қалған. Директоры Бақыт Кенжебаев жақын маңдағы малшыларға барып құтқаруды өтініпті. Соңғы мәрте телефонмен сөйлескенде адасып кеткен мұғалім терең суда тұрғанын айтты дейді.

Думан Ұласхан, Бәйдібек ауданының тұрғыны:

- Желге қарсы жүр деп едік, жүруге шамам жоқ деді. Су қай жеріңнен келеді десем, мойнымнан келеді деді. Онда мылтық ат, біз баруға тырысамыз деп едік, «мылтық ата алмаймын, шамам жоқ» деді. Сөйтіп мылтық атқан кезде мылтыққа қарай қара дедік, судағы кісіге. «Қарадым» деді. Сонымен біз фонарик лақтырдық. Фонарикті көрдім деді.

Бірақ үш баланың әкесі содан бері ұшты-күйлі жоқ. Жанында болған серігі Бақыт Кенжебаев оның қандай жағдайда жоғалғанын айтуға құлықсыз.

Бес күн бұрын бұл жерде белуардан су болған. Адам жоғалды деген соң, бұл жердің суын жақын маңдағы су қоймаға айдап азайтқан. Және кісі жоғалған кезде мұндай жағдайда дрон, тікұшақ секілді техникадан  айтарлықтай пайда жоқ. Бар амал, аумақтың әр адымын жеке-жеке тінтіп шығу керек екен.

Талғат Досалиев, Түркістан облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Егер суға түсіп кететін болса, су – лай. Лай суда оның үстінде жасыл түсті камуфляж, аяғында белден келетін резіңке етік болған. Құлайтын болса, лай судан ол көрінбейді. Лайдан біз көрмей өтуіміз мүмкін.

Шалғайдағы ауылдардан іздеуге қатысқан тұрғындар жақын маңдағы мектептің спорт залында түнеп жатыр. Олар кешелі бері көлге құятын арналарды бөгеп, судың келуін азайтуда. Ал төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар санын тағы да көбейтеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.