"Ауыл" партиясының өкілдері Семей зауытында болды
"Ауыл" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы Абай облысында жалғасты. Кандидаттар Семей қаласында ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктерін құрастыратын зауытқа ат басын бұрды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.03.2023
Партия өкілдері өндіріс ошағының қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайымен танысты. Сондай-ақ техникалық қауіпсіздіктің маңыздылығына ерекше тоқталып, сол тақырыпта әңгімелесті. Олар жұмысшыларға саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді. Партияның алдағы жұмыс сапары еліміздің батысында жалғасады. Кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Атырау облысында жалғастырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!