"Ақ жол" өкілдері Қарағанды өңіріндегі ірі өндіріс орындарына барды
"Ақ жол" партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмысын Қарағанды облысында жалғастырды. Алдымен өңірдегі ірі өндіріс орнында мамандармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.03.2023
Қаладағы аурухананың дәрігерлеріне де саяси ұйымның бағдарламасы кеңінен баяндалды. Кандидаттар ақ халаттылардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Жиында әлеуметтік-саяси мәселелер талқыланды. Бизнес бастамалар, кәсіпкерлікті дамыту жайы қозғалды. Ақжолдықтар қала халқымен кездесіп, әдептен жаңылмай бағдарламаларын баяндады. Ел-жұрттың сұрақтарына жауап беріп тарқасты. Партия кандидаттары елдің барлық өңірін аралауды көздеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!