ЖСДП мүшелері еріктілермен бірге Астананы аралады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасуда. Саяси ұйым мүшелері бүгін еріктілермен бірге елорда көшелерін аралады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.03.2023
Олар көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне плакат жабыстырды. Тұрғындар көп шоғырланған жерлерге парақша таратып, жолаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Республикалық штаб басшысының айтуынша, үгіт-насихат еліміздің бар өңірінде жүріп жатыр.
Айдын Сәрсембаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі:
- Астанада тұрғындарға сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік. Және де үгіт-насихат материалдарымызды қоғамдық көліктерде таратып шықтық. Волонтеріміз көп, мыңнан асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!