{metadescription}
«Брат или брак» – отандық фильмінің түсірілімі басталды
«Брат или брак» – отандық фильмінің түсірілімі басталды

«Брат или брак» – отандық фильмінің түсірілімі басталды

«Брат или брак». Осындай атпен көрерменге жақсы таныс фильмінің үшінші бөлімінің түсірілімі басталды. Бұған дейін ағасы мен сүйіктісінің ортасында қалған қарындасы туралы туынды енді өзгеше өрбиді.

Картинаның үшінші бөлімінде жастардың үлкен отбасыға айналғаны фильм желісіне арқау болған. Туынды комедия жанрында болғанымен, әдеттегідей драма мен экшн да ұмыт қалмаған. Ал продюсерге фильмнің жалғасын түсіру туралы ой көпшіліктің сұранысынан кейін туындапты.

Кезекті отандық фильмнің алғашқы түсірілімі – бүгін. Әдеттегідей арнайы алаңға актерлар құрамы толық жиналып тарелке сындырды. Жаңа картина бұған дейінгі «Брат или брактың» жалғасы. Бас продюсер әрі басты кейіпкер Құралай Анарбекова картинаның үшінші бөлімі де көрермен көңілінен шығып, жүрегіне жететініне толық сенімді.

 Құралай Анарбекова, фильмнің бас продюсері:

- Біздің бірінші бөлім мен екінші бөлімнің сценарийі бірбіріне ұқсамайды. Үшінші бөлімі одан да өзгеше. Бір-бірінің жалғасы болып кетеді ғой көбінесе. Біздікі бір бөлек оқиғалар сияқты. Бұл жерде жанұяға деген ыстық сезімді, бауырға деген татулықты көрсетуге тырысамыз. Құндылық көп. Достық құны. Күнделікті болып жатқан жәйттер.

Әсіресе бұл бөлімде Айдардың рөлін сомдаған Дәурен Серғазин көп өзгеріске ұшырайды. Ағаларымен алысып болған ол, жүкті әйелінен күдіктеніп, түрлі шытырман оқиғаға тап болады. Осылайша ешбір фильмде көрсетілмеген жаңа қырымнан ашылдым дейді актер.

Дәурен Серғазин, актер:

- Айдар қандай, біз қандай қылып танитын болсақ, Айдарды басқа қырынан көреміз. Тура өзіне қарамақарсы таныс сәттер. Олар есейді. Үлкен отбасы болды. Сондықтан Айдар енді өзінің балалық шағына, туысқандарына деген сезімі. Болашақта да өзі әке болады. Сондықтан бұл өзінің болмысына тереңірек үңіле бастайды.

Картинада актерлік құрам өзгермеген. Ал режиссер жаңа. Яғни үшінші  бөлімді Әнуар Мәтжанов қолына алған. Ол бұл фильмге продюсерден ұсыныс түскенде еш ойланбастан келісіпті. Енді туындыны алдынғылардан да қызықты әрі әсерлі етіп түсіруге барын салатынын айтады. 

Әнуар Мәтжанов, режиссер:

- Бірінші, екінші бөліміне қарағанда бұл жерде сценарий өзгеше. Әзілі ерекше. Бандитизм дейміз ғой, сол тақырып қозғалады. Атады, жарылады дегендей. Тағы да бір айта кететін жайт, жаңа актерлар қосылады. Танымал, жақсы актерлер қосылады.

Фильм тек Алматы қаласы мен оның айналасында түсіріледі. Тұсаукесері  жыл соңына жоспарланып отыр. Әзірге продюсер бір апта бұрын ғана барлық кинотеатрдан көрсетіле бастаған бесінші туындысы «Вакцина от коррупции» картинасын көруді ұсынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде