{metadescription}
Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты күзет орнында өлі табылған
Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты күзет орнында өлі табылған

Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты күзет орнында өлі табылған

Алматыда курсанттың өліміне қатысты тергеу басталды. Сарбаз кеше түнде өзі оқитын Құрлық әскерлері әскери институтының қарауыл бекетінде өлі табылған. Тергеу комиссиясына құрлық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары жетекшілік етеді.

Қайғылы оқиға оқу орталығында емес, тәжірибе сабағын өткізетін қала сыртындағы полигонда болған. Марқұмның денесі таңғы сағат бес шамасында сондағы өзі күзетіп тұрған қарауыл бекетінен табылды. Сарбаз әскери институтқа былтыр ғана оқуға түскен курсант. Оқу орнында 14 мамандық бойынша төрт жыл оқытады. Тәмамдағандар лейтенант атағын алады. Қазір курсанттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қандай жағдайда көз жұмғанын арнайы комиссия анықтайды.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының ақпарат және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.