Бес оқушы отырған көлік апатында екі қыз көз жұмған – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған оқушылардың тағы біреуі қайтыс болды. Шалқар ауданында тоғызыншы сыныпта оқитын бала әкесінің көлігімен қатарластарын қыдыруға алып шыққан. Жол бойында аударылып, 15 жастағы қыз сол жерде көз жұмған болатын. Екіншісі де ауруханаға жеткізгенмен, сол күйі есін жимады.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.03.2023
Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Бір қыз бала, үш ер бала Шалқар аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Қабылдау бөліміне жеткізілген кезде қыз баланың жалпы жағдайы өте ауыр, кома жағдайында болды. Ол бір тәуліктен кейін қайтыс болды.
Апатқа ұшыраған көлікте бес оқушы болған. Екі қыз қаза тауып, тағы екі оқушы жарақат алды. Оларды Шалқардан облыс орталығына пойызбен жеткізді. Сүйектері сынып, басына зақым келген. Жағдайлары орташа. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тізгінде болған бала көлікті әкесінің рұқсатынсыз айдап кетіпті. Сондықтан осы оқиғаға қатысты кімнің нақты жауапқа тартылары әзірге белгісіз.
Ардана Саймағамбетов, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ басқармасының бастығы:
- Әкесі білмедік деп тұр. Сөзіне қарағанда, бұрынсоңды көлік айдамаған. Үйлерінде болмағанда көлікті алып кеткен. Әлі ешкім айыпталып жатқан жоқ. Нақты адам санын айту үшін. Бұл жерде тек іс қозғалып тұр. Қылмыстық іс оқиға бойынша.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!